Футбол: Молдовамен өтетін ойынға шақырылған ұлттық құрама анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 ақпан күні Анталияда Молдовамен өтетін ойынға шақырылған футболшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы хабарлағанындай, ел құрамасының бас бапкері Михал Билек ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Рафкат Аслан, Руслан Есімов (екеуі де - «Ертіс»), Сағадат Тұрсынбай, Темірлан Ерланов, Мардан Төлебек, Марат Быстров, Сергей Малый (барлығы - «Ордабасы»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Еркін Тапалов («Жетісу»), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек - бас бапкер, Михал Хипп - бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов - бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы.

Айта кетейік, 15 ақпанда басталған оқу-жаттығу жиыны 22 ақпанға дейін созылады.

Құрамаға Орал футболының түлегі, биыл «Ақжайықтан» «Жетісу» клубына ауысқан жартылай қорғаушы Еркін Тапалов алғаш рет шақырту алып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықта» қос шетелдік ойыншының қалатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар