+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Футбол: Михал Билек «Астанаға» келді

2020 жылғы 14 қаңтар 11:15
Бөлісіңіз:
Футбол: Михал Билек «Астанаға» келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Чехиялық маман Михал Билек «Астана» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайсарға» ауысты «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері мен бас менеджері жұмыстан  кетті Футбол: «Тобыл» атақты «Динамоны» ұтты

«Астана» футбол клубы мәлім еткеніндей, М.Билек өткен жылы Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған болатын.

Чехиялық маман өз елінде «Теплице», «Хмел», «Виктория» (Пльзень), «Спарта» (Прага), «Высочина», «Фастав» клубтарында қызмет етті. Чехия жасөспірімдер және ұлттық құрамасында да бапкер болды. Сондай-ақ костарикалық «Картахинес», словакиялық «Ружомберок», грузиялық «Динамо» (Тбилиси) клубтарын жаттықтырды.

Чехия ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Ал жасөспірімдер құрамасын баптаған кезде Еуропа біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. «Спартамен» ел чемпионы атанып, кубокты да жеңіп алды.

М.Билек жаттықтырған Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде I тобында бесінші орынды қанағат тұтты.

Чехиялық маман «Астананың» тізгінін алумен бірге Қазақстан ұлттық құрамасын да қоса баптай беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Роман Григорчуктың «Астанадан» кетіп, «Барселонаның» бас бапкері ауысқанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT