Футбол матчындағы төбелес: 40 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Алжир чемпионатында «МК Алжир» - «УСМ Бель-Аббес» командаларының арасындағы ойын соңы төбелеске ұласып, 40-қа жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды AFP агенттігі.

Матч  "УСМ Бель-Аббес" командасының басымдығымен (1:0) аяқталды.

Жеңіліс алаң иелері жанкүйерлерінің ашу-ызасын туғызды. Олар орындықтарды жұлып алып, полицейлерге лақтырды. Салдарынан 22 фанат пен 18 полицей зардап шекті. Сондай-ақ 10 полиция көлігі мен жедел жәрдем каретасы қираған.

Суық қару мен есірткі табылған 42 жанкүйер ұсталды. Алжир құқық қорғау органдары келеңсіз жағдайды тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар