Футбол: «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйерлері «Ливерпульмен» өтетін матчты болдырмай тастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ағылшын футбол клубтары – «Манчестер Юнайтед» және «Ливерпуль» арасындағы жоспарланған матч болмай қалды. Оған Манчестердегі «Олд Траффорд» стадионына 200-ге жуық жанкүйер басып кіріп, клуб иелері – америкалық Глейзер отбасына наразылығын білдіруі себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Матч 2 мамыр, жексенбі күні британиялық уақыт бойынша сағат 16:30 басталуы керек еді. Матчтың ендігі өтетін күні әлі анықталмады. Клубтар арасында келіссөздер жүреді.

Англия Премьер-лигасының өкілі матчтың кейінге ауыстырылуын «полицияның, екі клубтың және Премьер-Лиганың бірлескен шешімі» болды деп мәлімдеді.

Бұл Премьер-лига матчының алғаш рет болмай қалуы. Өткен айда «Манчестер Юнайтед» иелері Еуропалық Супер лигаға қосылуға тырысты, алайда жанкүйерлердің жаппай наразылығынан кейін олар бұл ойдан бас тартты.

Карантин шектеулерін қатаң сақтап, МЮ мен Ливерпуль ойыны да бос стадионда өтуі керек еді. Алайда жүздеген жанкүйер алаңға кіріп кеткен. Полиция оларды қуып жіберді, бірақ арада аздаған уақыт өткенде олардың кейбіреулері алаңға қайта жүгіріп шыққан.

«Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» ойыншылары тәртіпсіздік басталған кезде стадионға қонақ үйлерінен әлі шығып үлгермеген.

«Біздің ұстанымымыз – ойынды өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдаған кезде қоғамдық қауіпсіздік бірінші орында болуы керек. Стадионның қатысушылары да, қызметкерлері де, басқа да ресми тұлғалар толық қауіпсіздікте болуы керек. Өкінішке орай, оған кепілдік беру мүмкін болмады», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар