Футбол: «Мақтарал» қатарынан екі мәрте жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтаралын» қабылдады.

Қызылордалық клуб соңғы бес кездесудің екеуінде ғана жеңіске жетті. Сондықтан бүгін қарсыласын қапы қалдырған жағдайда үздік үштікте тұрған командаларға жақындауға мүмкіндік алатын еді.

Кездесу барысында алаң иелері алғашқы минуттан гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен оған түркістандық команда қорғаушылары лайықты тойтарыс бере білді. Есесіне олардың қатарынан Рамазан Кәрімов 42, Секу Думбия 95-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша «Мақтарал» 2:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде қатарынан екі мәрте жеңіске жетті. Олар бұдан бұрын алматылық «Қайратты» тізе бүктірген еді.

Ал турнир кестесінде «Мақтарал» соңғы орында тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» «Оқжетпестен» 2:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, «Астана» «Ақсуды», «Тобыл» «Қызылжарды» 1:0 есебімен сүріндірді.

Ал «Ақтөбе» «Шахтерді» 2:0 есебімен сүріндірсе, «Ордабасы» «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар