Футбол: Македониялық қорғаушы «Тобылға» келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай клубы Македония ұлттық құрамасының қорғаушысы Алекса Амановичпен еңбек келісімін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Клуб сайтындағы мәлімет бойынша, Алекса – белградтық «Партизанның» тәрбиеленушісі. Кәсіби футболда «Телеоптик» ФК құрамында дебютін жасаған.

«Кейін қорғаушы «ИМТ Белград» клубында өнер көрсетті. Бұдан соң Иванницаның «Явор» командасына ауысты. Осы команданың құрамында Аманович төрт маусым өткізіп, Сербия Бірінші лигасының «күміс» жүлдегері және Кубоктың финалисі болды. Алекса Македония U-19 және U-21 құрамалары сапында ойнады», - делінген «Тобыл» ФК сайтының ақпаратында.

Қорғаушымен келісімшарт екі жылға жасалды.



Фото: fctobol.kz


Соңғы жаңалықтар