ФУТБОЛ: Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчына қазылық етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің бірінші кезеңіндегі «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командаларының арасындағы матчқа Қазақстанның төрешілер тобы қазылыққа тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау), ал төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.

Тоқтала кететін жайт, Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің матчында төреші қызметін атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) - «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Изамйлов төрешінің қосымша көмекшісі болған.

Еске сала кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің алғашқы матчтары 2 шілдеде өтеді.

Соңғы жаңалықтар