ФУТБОЛ: Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатының матчына қазылық етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық төрешілер тобы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында қазылық етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы 2019 жылғы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирініндегі Молдова мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді. Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Васютин көмектеседі. Төртінші төреші - Арман Есмұратов.

Еске сала кетсек, Молдова U21 - Сан-Марино U21 матчы 10 қыркүйек күні Молдованың Орхей қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар