+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

ФУТБОЛ: Қазақстан жұлдыздары ресейлік әріптестерін 3:1 есебімен ұтты (ВИДЕО)

2014 жылғы 4 мамыр 20:52
Бөлісіңіз:
ФУТБОЛ: Қазақстан жұлдыздары ресейлік әріптестерін 3:1 есебімен  ұтты (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін отандық эстрада жұлдыздарынан құралған «Алатау» футбол клубы мен Ресейдің «Starco» футбол клубы ашық алаңда достық кездесу өткізді.

Отандық топ орталық стадионға лық тола жиналған қауымның үмітін ақтады.

Ресейліктердің қақпасын қақыратқан екі голдың авторы әнші Жұбаныш Жексенұлы. Ал, үшінші допты "Арай" тобының әншісі Медет салды.

Қазақ ойыншыларының ішінде әнші әрі кәсіби футболшы Абдулкәрім Кәрімов Қазақстанның қақпасына тура бағытталған 5 допты қайтарып, ойынның фаворитіне айналды.

Ойынға клуб президенті - Ғалымжан Арыстанбекұлы, команда капитаны - Мұқасан Шахзадаев және Жұбаныш Жексенұлы, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев сынды өнер иелері мен «Rin'go», «Mysterions» топтарының жігіттері қатысты.

«Жалпы, жұлдыздар арасындағы футбол алғаш рет Шымкент қаласында өтті. 2004 жылы «Жұлдызды гол» атауымен әншілер мен әзіл-сықақ театрының әртістері арасында өткен шара жалғасын тауып, дәстүрге айналып, жыл сайын мұндай кездесулер еліміздің әртүрлі қалаларында өтіп тұратын болды. Міне, содан бері 10 жыл өтіпті. Осы он жылда клуб мүшелері футболдың қыр-сырын меңгеріп үлгерді. Бұрынғы деңгей мен қазіргі деңгейімізді салыстыруға келмейді. Командада әлсіз ойыншы жоқ. Себебі барлығымыз да теңбіл допты теуіп жүріп өстік. Сондықтан да осы жолғы достық кездесуде ойыншылар жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын»,- деген еді ойын басталар алдында Мұқасан Шахзадаев.

Тағы бір айта кетерлік жайт, футболдан түсетін барлық қаражат осыған дейін де қайырымдылық мақсаттарға жұмсалған екен. Осы жолғы табыс та көмекке мұқтаж жандарға таратылатын болды.
ФУТБОЛ: Қазақстан жұлдыздары ресейлік әріптестерін 3:1 есебімен ұтты (ВИДЕО)

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT