+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Футбол: Қазақстан жастары Солтүстік Македониямен тең түсті

2019 жылғы 16 қазан 00:02
Бөлісіңіз:
Футбол: Қазақстан жастары Солтүстік Македониямен тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық футболшылар сырт алаңда ойнағанына қарамастан қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. Алғашқыда македондық футболшылар көбірек шабуыл ұйымдастырды. Оған лайықты төтеп берген қазақстандық жастар өздеріне қарсыластар қақпасына гол соғатын мүмкіндіктерді іздеді.



Дегенмен алаң иелері 20-минутта біздің қақпаға гол соғып кетті. Оны Милан Ристовски өзінің еншісіне жазды. Ал 75-минутта қазақстандық құрама сапынан Оралхан Өміртаев таразы басын теңестіріп кетті. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.



Осы ойыннан кейін Қазақстан жастары 7 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Бүгінгі қарсыласымыз Македония үш ойыннан кейін дәл осындай ұпаймен көш басына шықты.

Қазақстан жастар құрамасы ендігі ойынын 2020 жылдың 31 наурызында сырт алаңда Испания жастарына қарсы өткізеді. Одан кейін 3 қыркүйекте өз алаңында Черногорияны қабылдаса, 8 қыркүйекте сырт алаңда Израиль жастарымен шеберлік байқасады. Ал өз алаңында 8 қазанда Солтүстік Македонияны. 13 қазанда Фарер аралдарын қабылдайды.

Аталмыш доданың финалдық кезеңі 2021 жылдың 13-27 маусым аралығында Венгрия, Словения мемлекеттерінде өткізеді. Онда барлығы 16 құрама бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан жастары алтыншы топта сынға түседі. Бұған дейін төрт кездесу өткізіп үлгерді. Алдымен 6 маусымда Фарер аралдарын 3:1, одан кейін 12 маусымда Черногорияны 2:1 есебімен жеңді. Ал 6 қыркүйекте Испанияға 0:1, 10 қыркүйекте Израильге 1:2 есебімен жол берді.

Фото: kff.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Жастар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT