Футбол: Қазақстан жастары ойсырай жеңілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы сырт алаңда Черногория жастарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біздің жастар аталмыш турнирде тәп-тәуір нәтиже көрсетіп келеді. Олар ең алдымен сырт алаңда Люксембург құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірген еді. Одан кейін өз алаңында бүгінгі қарсыласы - Черногориямен 1:1 есебімен тең түсті. Үшінші ойында Франциядан 1:4 есебімен жеңіліп келсе, Болгариядан 2:2 есебімен тең тарқасты.

Одан кейінгі бес кездесу қатарынан өз алаңымызда өткізілді. Алдымен Болгариямен 1:1 есебімен ойнаса, Францияға 0:3 есебімен есе жіберді. Содан кейін Люксембургті 3:0 есебімен жеңіп, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады. Одан кейін соңғы қарсыласымен сырт алаңдаы кездесуде 1:2 есебімен жеңілді. Бүгінгі күнге дейін турнир кестесінде 9 ойыннан кейін 10 ұпаймен үшінші орында тұрды.

Бүгінгі кездесуде Қазақстан құрамасы сапында Мұхаметжан Сейсен, Рауан Орынбасар, Әлібек Қасым, Талғат Кусяпов, Сағадат Тұрсынбай, Алтынбек Төлеев, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Жан-Али Пайруз, Жандос Солтан, Рамазан Каримов алғашқы минуттан шықты.

Ал Черногория сапында Лазар Царевич, Периша Пешукич, Милош Дринчич, Лука Ускокович, Андрия Вукчевич, Илия Вукотич, Владан Бубанья, Стефан Лончар, Огнен Стийепович, Милутин Осмайич, Стефан Милошевич шықты.

Алаң иелері Лука Ускокович есеп ашты. Бұл 20-минут болатын. Оған Қазақстан жастар құрамасынан Жандос Солтан 26-минутта жауап қайтарды. Бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды. Ал 53-минутта Стефан Милошевич өз командасын алға шығарса, 73-минутта Илия Вукотич есепті үстемелей түсті. Ал 82-минутта Милош Дринчич тағы бір голдың авторы атанып, біздің қақпаға доп соғылды.  87-минутта қорытынды есеп белгіленді. Оны алаң иелері сапынан Марко Милкович өзінің еншісіне жазды. Есеп 1:5. Қазақстан жастары осылайша ірі есеппен ойсырай жеңілді. 

Осылайша Қазақстан және Черногория құрамалары аталмыш іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді.

Сондай-ақ, бүгін Франция мен Словения, Люкембург пен Болгария құрамалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар