Футбол: Қазақстан жастары Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2021 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Біздің жастарамыз бүгін сырт алаңда Фарер аралдарынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш кездесу Фарер аралдарындағы Тофтир қаласында өтті. Ойын барысында біздің жастар қатарынан 2-минутта Ресейдің «Сочи» командасының ойыншысы Акмаль Бактияров есеп ашты. Ал 68-минутта біздің құрамадан Қарағандының «Шахтер» командасының ойыншысы Дмитрий Бачек есепті үстемелей түсті. Алаң иелері қатарынан Стефан Радосавлевич 85-минутта есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есепті 89-минутта «Астана» ойыншысы Владислав Прокопенко белгіледі. Осылайша Қазақстан жастары аталмыш қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді біздің футболшылар 10 маусымда сырт алаңда Черногориямен кездеседі. Сондай-ақ, Қазақстан жастары сынға түсетін алтыншы топта Израиль, Испания және Македония бар.

Бұл - қазақстандық маман Александр Москаленконың 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы бас бапкері қызметіндегі тұңғыш ресми матчы. Ол бұдан бұрын «Астана», «Қайсар» командаларында бас бапкерге көмекшілік етті. Сондай-ақ, ол «Шахтер-Болат» командасында бас бапкер болды.

Айта кетерлігі, 8 маусым күні ұлттық құрама сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 00.35-те басталады. Кездесу QazSport телеарнасынан көрсетіледі.

Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар