Футбол: Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македониямен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қонақтар сапында Эдьхан Астанов(45+1 минут) және Оралхан Өміртаев (90+4) гол соқса, алаң иелерінен ИтаманШвиро (90+1) гол соқты.

Енді Қазақстан он ұпай жинап, 6-топтың турнир кестесінде үшінші орынға ие болды: Испания – 16 ұпай (6 ойын), Солтүстік Македония – 10 (6), Қазақстан – 10 (7), Израиль – 8 (6), Черногория –7 (7), Фарер аралдары – 3 (6).

Келесі матчты Қазақстан сегізінші қазанда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Израильмен кездесіп, жеңген болатын.



Соңғы жаңалықтар