Футбол: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьтен басым түсті

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь жерінде өтіп жатқан Даму кубогының екінші ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын қазақстандық футболшылар алғашқы турда Тәжікстан құрамасына 1:7 есебімен ойсырай жеңілген еді. Сол кеткен есені бүгінгі ойында қайтарды.

Қазақстандықтар Беларусь елінің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Бірінші кезеңде олар қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Мирас Амантаев 96, Әмірәлі Оразбек 23, Әмір Темірғали 40,Ян Труфанов 45-минуттарда мергендік танытты. Ал Беларусь жасөспірімдері оған 89 және төреші қосқан қосымша уақытта екі голмен жауап қайырды.

Аталған топтағы Тәжікстан (U17) футболшылары Молдова (U16) өрендерін 5:1 есебімен сүріндірді.

Екі турдан кейін алты ұпай жинаған Тәжікстан (U17) көш басында тұр. Одан кейінгі орындардағы Қазақстан (U17) мен Молдовада (U16) үш-үштен ұпай бар. Әзірге көш соңындағы Беларусь (U16) өрендерінің қоржыны бос, ешқандай ұпай алған жоқ.

Енде қазақстандық өрендер 6 ақпанда Молдова (U16) құрамасымен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар