Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасы Косовомен жолдастық өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Косовомен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, екі жақты келіссөздер аяқталып, УЕФА ойынның өтуіне рұқсат берді.

Матч Косово астанасы Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді деп жоспарланып отыр.

Косово мен Қазақстан құрамалары осы уақытқа дейін ешқандай кездесу өткізбеген. Дегенмен Косово құрамасының мүшесі Бернард Бериша Марат Быстровпен бірге Ресейдің «Ахмат» клубында бірге ойнап жүр. Ал Косово құрамасының басты жұлдызы – италиялық «Лацио» клубының шабуылшысы Ведат Мурики.

Талғат Байсуфиновтің шәкірттері сондай-ақ 7 маусым күні тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. «Гол емес!» телеграм-каналы Қазақстан құрамасының Аустрияда Мальтамен ойнайтыны жөнінде хабарлап үлгерді. Әзірге Мальта тарабының келісімі күтілуде.



Соңғы жаңалықтар