Футбол: Қазақстан мен Молдова құрамалары 21 наурызда кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан және Молдова құрамаларының кездесуі өтетін күн белгілі болды. Қос құрама 21 наурызда Түркияның Анталия қаласында ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын жолдастық кездесу өтетін күн қосымша хабарланатынын айтылған еді.

Айта кетерлігі, оған қос елдің төл біріншілігінде ойын көрсететін футболшылар қатысады.

Қос құрама бұған дейін төрт мәрте кездескен. Ойындардың барлығы Түркияның Анталия қаласында өткізілді. 2008 жылдың 6 ақпанында Молдова футболшылары біздің құраманы 1:0 есебімен жеңді. Ал 2010 жылдың 3 наурызында біздің футболшылар олардан дәл осы есеппен тағы жеңіліп қалды. 2013 жылдың 6 ақпанында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы аталмыш қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді. 2015 жылдың 18 ақпанында болған ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетерлігі, екі құрама бұған дейін бірде-бір мәрте ресми кездесу өткізіп көрген жоқ.

Бұл - біздің құраманың 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі алдындағы дайындығы болады.

Естеріңізге сала кетелік, іріктеу кезеңінде Қазақстан футболшылары I тобына түсті. Қарсыластары - Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамалары.

Қазақстан құрамасы 21 наурызда өз алаңында Шотландиянны қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар