Футбол: Қазақстан құрамасының Кипр, Бельгиямен матчтарына билет сатыла бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан ұлттық құрамасының Кипр және Бельгия құрамаларымен өтетін ойындарының билеттері онлайн сатылымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан-Кипр матчы 10 қазан күні сағат 20:00-де басталады. Қазақстан-Бельгия ойыны 13 қазан күні сағат 19:00-де басталады. Екі ойында «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар