Футбол: Қазақстан құрамасы Андоррамен тең түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Андорра құрамалары арасындағы кездесу аяқталды. Бұл - биыл жалауын көтерген УЕФА аясында жалауын көтерген Ұлттар лигасындағы Д дивизионы бірінші тобындағы екінші тур ойыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біздің құрама Ұлттар лигасы шымылдығын ашуымен тарихта жазылып қалды. 6 қыркүйекте олар өз алаңында Грузияны қабылдады. Дегенмен алғашқы Қазақстан құрамасы аталмыш қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Сондықтан біздің жігіттер бүгінгі ойында жеңіске жетуге бар күшін салатыны белгілі еді. Олай болатын жөні бар. Бұл кездесуде ұпай жоғалтсақ біздің құрамаға топтан шығу мүмкіндігі қиындай түседі. Біздің басты қарсыласымыз - Грузия екінші ойынында жеңіске жетіп, ұпай қоржынын молайта түсті . Бірінші турда Латвия мен Андорра 0:0 есебімен тең түсті. Ендеше, Андоррадан айла асыра алмасақ біздерге жолдаманың ауылы алыстай түсері анық.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов өткен ойындағы құрамнан біршама өзгеріс енгізді. Бұл жолы негізгі құрамда Еркебұлан Тұңғышбаев пен Юрий Логвиненконы алғашқы минуттан жасыл алаңға шығарды. Грузиямен кездесуде олардың орнында Сергей Малый мен Георгий Жуков болған еді.

Біздің жігіттер бірден-ақ шабуыл шебіне көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында бірнеше қауіпті сәттерді ұйымдастырды. Десе де андорралық футболшылар да қарап қалған жоқ. Кейбір сәттерде қарсы шабуылдарға шығып жатты. Ойынның 25-минутында біздің құрамаға гол соғатын мүмкіндік болған еді. Сол қанаттан берілген пасты қақпа алдында тұрған шабуылшылар өз пайдасына жарата алған жоқ. Ал 31-минутта өзіне әуелеп допты баспен қақпа алдындағы әріптестеріне бағыттаған Роман Муртазаевтың әрекеті де сәтсіз болды. Бірінші кезеңде қос құрама да есеп аша алған жоқ.

Қазақстан құрамасы Андоррадан 3 ұпай алудың барлық мүмкіндігін қарастырып жатты. Екінші кезеңде де ойын тізгіні біздің қолымызда болғанымен оны голға айналдыру қиын тиіп жатты. Кейбір сәттерде дәлдік те жетіспей жатты. Осындай қауіпті сәт 60-минутта болды. Оң қанаттан әуелете берген допқа Серікжан Мужиков сәл ғана жетпей қалды. 64-минутта Бауыржан Исламхан да андорралық қақпашының шеберлігін сынап көрді. Оның алыстан шірене тепкен добын қақпашы Хосе Гомес әрең дегенде сыртқа шығарып үлгерді.

Ұлттар лигасындағы біздің құраманың алғашқы голын қорғаушы Юрий Логвиенко өзінің еншісіне жазды. Ол сол қанаттан әуелете берген допқа бәрінен биік секіріп, қақпа торын бүлк еткізді. Бұл ойынның 68-минуты болатын.  Ал 75-минутта Серікжан Мужиков екінші сары қағаз алып алаңнан қуылып, біздің құрама футболшымен қалды.  Ал 84-минутта Андорра таразы басын теңестіріп кетті. Оны Жорди Алаез соқты. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Үшінші тур ойындары енді 13 қазанда өтеді. Бұл күні Қазақстан Латвияға қонаққа барса, Андорра сырт алаңда Грузиямен кездеседі.   

Соңғы жаңалықтар