ФУТБОЛ: Қазақстан Достастық Кубогының ширек финалында Беларусьпен кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жастар құрамасы Достастық Кубогының С тобындағы матчтарының қорытындылары бойынша үшінші орынға шықты, деп жазады sports.kz.

Соңғы ойында Тәжікстан Литваны жеңіп, 6 ұпай алып, топ жеңімпазы атанды. Екінші орында Оңтүстік Африка Республикасының футболшылары тұр, үшінші орынды Қазақстан командасы иеленді. Квартетті Литва елінің спортшылары түйіндеді.

Ертең Астана уақыты бойынша сағат 17:15-те жарыстың ширек финалдық ойыны өтеді. Бұл матчта Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар