Футбол: Қазақстан Чемпионатының ойындарына жеребе тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиналысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіби мамандардың жиыны футболдан Қазақстанның Премьер-лига клубтары чемпионаты күнтізбесінің 1-ші және 2-ші айналымдарының жеребесінен басталды.

Алғашқы айналымда кездесетін командалардың тізімі мынадай:

I тур

9-10 наурыз

Қайсар - Атырау

Тобыл - Ертіс

Қайрат - Тараз

Ордабасы - Шахтер

Астана - Ақтөбе

Жетісу - Оқжетпес

II тур

16-17 наурыз

Қайсар - Жетісу

Астана - Оқжетпес

Ордабасы - Ақтөбе

Қайрат - Шахтер

Тобыл - Тараз

Атырау - Ертіс

Әрі қарай делегаттар Бірінші және Екінші лиганың күнтізбесіне қатысты сұрақтарды талқылап, ұйымның құрамына жаңа мүшелерді қабылдауды қарастырды. Сонымен, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының құрамына Астана қаласынан «СДЮСШОР №8» және Түркістан облысынан «Арыс» футбол клубы алынды.

Сонымен қатар, футбол клубының өкілдері Қостанайдағы жаңа спорт нысандарын аралады.

Соңғы жаңалықтар