Футбол: Қазақстан чемпионаты белгісіз уақытқа кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті. Аталған шешім Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен елімізде карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты қабылданып отыр. Осыған байланысты елімізде футбол жарыстарын жалғастыру кейінге шегерілді.

Доп додасын жалғастыру елімізде карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін қайта қаралатын болады.

Естеріңізге сала кетелік, чемпионат 8 наурызда басталған болатын. Екі турдан кейін елімізде коронавирус індетінің өршуіне байланысты ол кейінге шегерілді. Ал 1 шілдеде үшінші тур ойындары өтті. Одан кейін елімізде карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты жарыстар тағы да кейінге шегерілді.

Бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионаты 3 тамызда қайта жалғасатыны хабарланған болатын.



Соңғы жаңалықтар