Футбол: «Қайсарға» Кабо-Верде құрамасының ойыншысы келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы тағы екі футболшыны қатарына қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қызылордалық клубта Африка құрлығындағы Кабо-Верде құрамасының жартылай қорғаушысы Алвин Фортес өнер көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін 25 жастағы ойыншы Финляндияның «ПС Кеми», Голландияның «Валвейк», «ТОП Осс», «Витесс ІІ», Түркияның «Болуспор», Грекияның «Верия», Чехияның «Зброёвка», Грузияның «Дила» клубтарының намысын қорғаған. 2018 жылдан бері Кабо-Верде құрамасында ойнайды.

Сондай-ақ, былтыр «Атырау» жейдесін киген қорғаушы Қуаныш Қалмұратов енді «Қайсар» қатарына қосылды. Ол 2014 жылдан бері «Атырау», елорданың «Астана-1964» командаларында шеберлігін шыңдаған. 2016-2018 жылдарда 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында ойын көрсетті.

Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартқа отырған болатын.

Айта кетейік, «Қайсар» 3-27 қаңтар аралығында Түркияның Анталия қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Қазір командада қазақстандық футболшылармен бірге Ресейден Алексей Шумских, Украинадан Ризван Аблитаров, Мозамбиктен Режиналдо Файфе, Португалиядан Нани сынақтан өтуде.



Соңғы жаңалықтар