Футбол: «Қайсардың» құрамы толық жасақталып бітті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы алдағы маусымда ойын көрсететін құрамды толық жасақтап бітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қызылордалық клуб құрамына Гегам Кадемян, Арман Кеңесов, Стефан Денкович, Егор Потапов, Усман Н’Дойе, Сергей Карпович, Каролис Лаукжямис, Йован Чадженович, Артем Леонов секілді шетелдік қосылды.

Команда басшылығы тағы жергілікті 12 футболшымен келісімге қол қойды. Атап айтқанда, олардың қатарында Мақсат Байжанов, Олжас Алтаев, Елжас Алтынбеков, Абылайхан Төлегенов, Шоқан Абзалов, Нұрымжан Салайдын, Өркен Махан, Елжас Сарбай, Бекзат Құрманбекұлы, Данияр Әлімжан, Аян Құлмағанбетов сынды футболшылар бар.

Жиын барысында 30-дан астам ойыншы сынақтан өтті. Олардың арасынан шеберлігі шыңдалған футболшылар «Қайсар» құрамына қосылды.

«Команда жаңа маусымға толықтай дайын. «Қайсардың» алдағы ойындарда жеңіске жетуіне үлкен үлес қосатын футболшыларды қатарға қостық деп ойлаймын. Футболшылар алдағы біріншілікке дайындық барысында 3 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оның екеуі қалада өтсе, соңғысы Түркияда болды. Соңғы жиын барысында Еуропа, Азия мен Африканың беделді клубтарымен 9 жолдастық кездесу өткізілді. Соның 4-інде жеңіске жетіп, 4-імен тең түсіп, біреуінде қарсыласқа есе жіберіп қойдық», - деді «Қайсардың» бас бапкері Сұлтан Әбілдаев.

Айта кетейік, 12 наурызда «Қайсар» футбол командасының жаңа футболшыларын таныстыру рәсімі өтеді. Ал 14 наурызда команда ел біріншілігінің алғашқы турында өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар