Футбол: «Қайсар» мен «Тобыл» тең түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тобыл» командасы Қазақстан Премьер-лигасының 18-турында 2:2 есебімен «Қайсар» командасымен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат SPORTINFORM-ға сілтеме жасап.  

Әр таймда бір голдан соғып отырған Азат Нұрғалиев Қостанай командасына жеңіс сыйлауы тиіс еді. Айта кетейік, 14-турда «Атырауға» қарсы ойнаған кезде де Нұрғалиев осылай қатарынан екі рет гол соққан болатын.

Дегенмен, ойынның 84-ші минутында Азат Нұрғалиев екінші рет сары карта алып қалды да, саны жағынан басым қызылордалықтар екі рет гол соғып үлгерді. 90-шы минутта Джа-Джедже, ал 95-ші минутта Тағыберген пенальти жасады.

Енді «Тобылдың» - 33, ал «Қайсардың» - 20 ұпайы бар. 

Соңғы жаңалықтар