Футбол: «Қайсар» биыл да алдына үлкен мақсат қойып отыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсары» биыл да жоғары жетістікке қол созуды алға мақсат етіп отыр. Былтыр команда Қазақстан кубогының иегері атанған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов «Қайсар» командасы футболшыларымен кездесті. Биыл команда құрамына 11 жаңа футболшы қосылған. Олардың қатарында Елдос Ахметов, Қуаныш Қалмұратов, Бағдат Қайыров, Ризван Аблитаров, Алвин Фортес, Файфе Режиналдо, Александр Колев, Могамед Парагульгов, Иван Пешич, Элгуджа Лобжанидзе бар.

Кездесу барысында команда капитаны Асхат Тағыберген жаңа маусымға дайындығы туралы айтып, қолдау білдірген аймақ басшысы мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Қайсар» командасы биыл да алдына үлкен мақсат қойып отыр. Ол үшін барлық жағдай жасалуда. Түркияда жоғары деңгейде дайындық жүргізілді. Тәжірибелі футболшылар қатарға қосылды. Биыл да жергілікті жанкүйерлерді қуантуға әзірміз», - деді команда капитаны.

Былтыр «Қайсар» 20 жылдан кейін Қазақстан кубогының иегері атанды. Ол команда тұңғыш рет Еуропа лигасына ойнауға жолдама берді. Облыс әкімі Қ.Ысқақов жаңа маусымнан, жаңа жетістіктер күтетінін айтты.

«Биыл «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылады. Жыл өткен сайын нәтиже жақсарып келеді. Осы жылғы чемпионатта да жеңіске қол жеткізсек деген мақсатымыз бар. Жанкүйерлердің шынайы қолдауы командаға айрықша жігер сыйлары анық», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, «қайсарлықтар» 8-наурызда Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда «Ертіс» командасымен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар