Футбол: «Қайрат» пен «Шахтер» тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 4-турында «Қайрат» пен «Шахтер» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін турнир кестесіндегі командалар жағдайы түрліше еді. Алғашқы үш турда екі мәрте жеңіске жетіп, бір мәрте тең түскен алматылық «Қайрат» алтыншы орында тұрған еді. Ал қарағандылық «Шахтер» бірде-бір ұпайға ие бола алған жоқ. Салдарынан турнир кестесінде төменгі орынның бірін місе тұтты.

Кездесу барысында командалар ойын басынан гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе де бір-бірінің қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырғанмен көздеген нысананы дәл көздей алмай жатты. Ойынның 75-минутында «Шахтер» ойыншысы Рохер Каньяс мергендік танытты. Ал 86-минутында оның командалас әріптесі Франсиско Кампо Мина өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді төртінші турда бүгін, 1 сәуірде «Ақсу» мен «Мақтарал» кездеседі.

Ал 2 сәуірде «Жетісу» мен «Тобыл», «Ақтөбе» мен «Қызылжар», «Атырау» мен «Оқжетпес», «Астана» мен «Ордабасы» ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда ақатулық «Каспийден» басым түсті.


Соңғы жаңалықтар