Футбол: «Каспий» командасының бас бапкері тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаулық «Каспий» командасының бас бапкері қызметіне Кахабер Цхададзе тағайындалды. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтаулық команда биыл 26 ойыннан кейін 31 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға тұрақтады. Аталған клубтың бас бапкері қызметін бұған дейін болгариялық маман Николай Костов атқарды.

Кахабер Цхададзе 1968 жылы дүниеге келген. Футболшы мансабында 1984-2004 жылдар аралығында Грузия, Швеция, Ресей, Германия, Англия клубтарында ойын көрсетті.

2002 жылдан бері Грузия, Әзербайжан және Қазақстан командаларында еңбек етіп келеді. Елімізде «Қайрат» және «Ордабасы» клубтарында бас бапкер қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевпен келісімшарт мерзімі ұзартылды.


Фото: instagram.com/caspiy_fc

Соңғы жаңалықтар