Футбол қақпасының құлауы: Қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бала үстіне құлаған қақпаға оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы футбол алаңында баланың үстінен құлаған қақпаға қатысты фактіге сәйкес, ҚРҚК 306-бабы бойынша іс тіркелгенін хабарлады.

Тергеуді Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізеді.

ҚР ҚК 306-баптың санкциясы 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу немесе ұстау түрінде 40 тәулікке қамауға алуды көздейді. Одан бөлек үш жылға дейінгі мерзімге немесе белгілі бір лауазымдарды атқаруына тыйым салынады.

Оқыс оқиға 4 сәуір күні кешке, 8-ші ықшам аудандағы №79 үйдің ауласындағы балалар алаңында болды.

Алматы қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы аталған аула аумағында 2020 жылы келісімшартқа сәйкес, «EC-EnergyQazaqstan» ЖШС мердігері күрделі жөндеу жүргізгендігін айтты.


Соңғы жаңалықтар