Футбол: Германия Чилиді жеңіп, Конфедерация кубогын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Германия құрамасы Конфедерация кубогының финалында Чили құрамасын 1:0 есебімен жеңіп кетті.

Есеп ойынның 20 минутында ашылды. Голды соққан  - Ларс Штиндль.

Конфедерация кубогының финалдық кездесуі Санкт-Петербург қаласының "Крестовский" стадионында өтті.

Айта кетейік, Германия - футболдан қазіргі әлем чемпионы. 

Конфедерация кубогы ойындары 17 маусым мен 2 шілде аралығында Ресейдің Мәскеу, Қазан және Сочи қалаларында өтті.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейдің 11 қаласында 14 маусым мен 15 шілде аралығында ұйымдастырылады. 

Соңғы жаңалықтар