+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

2021 жылғы 26 ақпан 22:58
Бөлісіңіз:
Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Премьер-лига ойындары: «Қайрат» пен «Тобыл» жеңіске жетті Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты Татьяна Ахметова-Аманжол күрес түрлерінен Олимпиадаға жолдама алды

Турнирдің аталған сатысында командалар алғашқы ойынын 11 наурызда өткізсе, қарымта кездесу 18 наурызға белгіленген.

Жеребе нәтижесі бойынша «Манчестер Юнайтед» (Англия) және «Милан» (Италия) командалары өзара жұп құрады. Англияның «Арсеналы» «Олимпиакос» (Грекия), «Тоттенхэм Хотспур» клубы «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездеседі.

Өзге жұптарда «Аякс» (Голландия) пен «Янг Бойз» (Швейцария), «Динамо Киев» (Украина) пен «Вильярреал» (Испания), «Рома» (Италия) мен «Шахтер» (Украина), «Славия» (Чехия) мен «Глазго Рейнджерс» (Нидерланды), «Гранада» (Испания) мен «Мольде» (Швеция) командалары шеберлік байқасады.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары өткізілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT