Футбол: «Челси» әлемнің ең қымбат қақпашысын сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 жастағы қақпашының трансфері 80 миллион еуроға бағаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Guardian-ға сілтеме жасап.
Аталған басылымының жазуынша, Испанияның «Атлетик Бильбао» клубының қақпашысы Кепа Аррисабалага бүгін Мадридте адвокаттарымен бірге Англияның «Лондон» клубынан қажетті қаржыны алып, испаниялық клубпен жасасқан келісімшартын біржақты тәртіппен бұзу үшін тиісті өтемақыны (клаусула) төлеген.
Мұны «Атлетик» тарапы да растады.
«Кепа Аррисабалага «Athletic Club-пен» жасасқан келісімшартын біржақты тәртіппен бұзу үшін тиісті талаптардың барлығын орындады. Келісімшартта көрсетілген өтемақы сомасы толықтай төленді. «Атлетик» футболшыға біздің клубқа қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді», - делінген клубтың сайтындағы ресми хабарламасында.
Осылайша, Кепа Аррисабалага әлемдегі ең қымбат қақпашыға айналды.
- Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді
- Футзалдан чемпиондар лигасы: «Қайрат» Румыния чемпионына қарсылас атанды
- Футзал: «Ақтөбе» чемпиондар лигасында словениялық клубпен кездеседі
- Елордада конькимен сырғанау және шаңғы тебуді тегін үйретеді
-
Эверестен шыққан қоқыс арт-нысандарға айналады
-
Футбол: «Ақжайық» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам