Футбол: Бүгін Премьер-лигада төртінші тур ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің төртінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тур ойындары 9 және 10 сәуір күндері өткізіледі. Алғашқы күні төрт кездесу болса, одан кейін қалған үшеуі ойналады.

Үшінші турды бүгін елорда уақытымен 14.00-де сағат «Тараз» және Қарағандының «Шахтер» командалары бастайды. Ал 16.00-де Оралда жергілікті «Ақжайық» пен Петропавлдың «Қызылжары» шеберлік байқасса, 18.00-де Қызылордада «Қайсар» мен Ақтаудың «Каспийі» жасыл алаңға шығады. Бүгінгі ойындарды 19.00-де «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары қорытындылайды.

Ал 10 сәуірде Талдықорғанда 15.00-де жергілікті «Жетісу» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездессе, 17.00-де Алматыда «Қайрат» пен Түркістанның «Тұран» клубтарының кездесуімен жалғасады. Аталған турдағы соңғы ойын 19.00-де елордада «Астана» мен «Атырау» арасында болады.

Естеріңізге сала кетелік, қазір турнир кестесінде жеті ұпаймен «Қайрат» көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Ордабасыда» 6, «Ақтөбеде» 5 ұпайдан бар.


Соңғы жаңалықтар