Футбол: Біз әлі мақсатымызға жеткен жоқпыз - Карлос Алос

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Карлос Алос Голландияның «АЗ Алкмаарына» қарсы өткен матч қорытындылары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "SPORTINFORM" САА.

«Ең алдымен, команданы келесі кезеңге шыққанымен құттықтаймын. Жігіттердің жұмысына, жанкүйерлердің қолдауына көңілім толды. Командам келесі кезеңге шығуға лайық ойын көрсетті деп ойлаймын. Бұл Қазақстан футболы үшін өте маңызды. Бірақ әлі мақсатымызға жеткен жоқпыз. Әлі көп жұмыс істеуге тиіспіз», - деді бапкер.

Еске сала кетейік, алматылық ұжым екі ойын нәтижесі бойынша АЗ командасынан басым түсіп, Еуропа Лигасы іріктеу кезеңінің 3-раундына жолдама алды. Енді олар Чехияның «Сигма» командасымен күш сынасады.

Үшінші раунд кездесулері 9 және 16 тамыз күндері болады.

Соңғы жаңалықтар