Футбол: бірінші лигада «Қайрат» пен «Ақжайық» үзеңгілес келеді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында Алматының «Қайраты» мен Оралдың «Ақжайығы» турнир кестесінде үзеңгілес келеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайраттың» есебінде 35 ұпай болса, «Ақжайықтың» қоржынында 33 ұпай. Өткен турда батысқазақстандықтар өзін өкшелеп келе жатқан Алматы облысы Қарасай ауданының «Сұңқар» командасымен сырт алаңда кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтың» сапынан тәжірибелі ойыншы Артур Авакянц пен команда мергені Алексей Мальцев доп соғып, көзге түсті. «Қайрат» та сырт алаңда «Екібастұздан» 1:0 есебімен басымдылық көрсетті. Енді қос команда да алдағы екі ойынын өз алаңдарында өткізеді.

«Ақжайық» Оралда тамыздың 26-сында Шымкенттің «Айжарығымен», содан кейін 29-ында ОСШИОСД (Тараз) командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар