Футбол: Бірінші лига ойындары мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл коронавирус індетіне байланысты командалар екі топқа бөлініп, 15 қыркүйектен бастап ай жарым уақыт қана ойнаумен шектелді.

Соңғы турда «Алтайға» 0:2 есебімен есе жібергеніне қарамастан, бірінші топта «Ақтөбе» командасы 29 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.

Екінші топта «Атырау» командасы 27 ұпаймен көш басынан көрінді. Ақтөбеліктер сияқты премьер-лига жолдамасына күні бұрын қол жеткізген атыраулықтар қорытынды ойында Оралдың «Ақжайық» командасымен алаңға шықты. Бұл матчта оралдықтар 3:2 есебімен жеңіске жетіп, өз тобында 23 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Елордалық СДЮСШОР №8 мен талдықорғандық «Жетісу Б» мен 2:2 есебімен тең тарқасып, сәйкесінше үшінші-төртінші сатыда қалып қойды.

Осылайша өз топтарында үздік шыққан «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары бір жылдық үзілістен кейін премьер-лигаға қайта оралды. Ал алдына осындай міндет қойған «Ақжайық» клубы бұл үдеден көріне алмады. Енді келесі жылға үміт артуға тура келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын премьер-лигада «Қайраттың» «Астанадан» басым түскенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар