+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Футбол: Бірінші лига ойындары басталды

2020 жылғы 16 қыркүйек 09:38
Бөлісіңіз:
Футбол: Бірінші лига ойындары басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«760greenkm» эко-марафонына қатысушылар Петропавлда болды Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді Теннис: Бублик Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы доп додасының 1-7 тур ойындарының күнтізбесін жариялады. Жаңа маусымда командалар екі конференция бойынша сынға түседі.

Бірінші конференцияда «Ақтөбе», «Алтай», «Мақтаарал», «Байқоңыр», «Қыран», «Екібастұз» және «Арыс» командалары шеберлік байқасады. Бұл ойындар Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешенінде өткізіледі.

Екінші конференцияда «Атырау», «Ақжайық», «Жетісу Б», «Қайрат-Жастар», «Академия Оңтүстік», «Шахтер-Болат» және СДЮСШОР № 8 командалары ойнайды. Аталған командалар Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар базасында жасыл алаңға шығады.

Командалар алғашқы тур ойындарын өткізді. Бірінші конференцияда «Арыс» «Алтайдан» 2:0, «Екібастұз» «Мақтаралдан» 3:2, «Қыран» «Байқоңырдан» 3:0 есебімен басым түсті. Ал екінші конференцияда «Жетісу Б» «Шахтер-Болатты» 4:1, «Академия-Оңтүстік» «Қайрат-жастарды» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бүгін «Ақжайық» пен СДЮСШОР № 8 командалары арасында ойын өтеді.

Біріншілік екі айналымнан тұрады. Әрбір конференция жеңімпазы Премьер-лигаға жолдама алады.

Бұдан бұрын футболдан Премьер-лиганың сегізінші тур ойындары өтті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT