Футбол: «Атырау» командасы айыппұл төлейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау» футбол командасы айыппұл төлейді. Команданың екі ойыншысы ойыннан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясы «Атырау»-«Шахтер» командаларының кездесуінен кейін осындай шешім қабылдады.

«Тәртіптік регламенттің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Атырау» командасының ойыншысы Алексей Родионов матчтың ресми тұлғасына әдепсіз сөз айтқаны үшін төрт матчқа шеттетілсін. Шеттету мерзімі 2021 жылғы 14 наурыздан бастап есептелсін. Тәртіптік регламенттің 118-бабына сәйкес «Атырау» командасының ойыншысы Сәбит Тастанбековке 2021 жылғы 14 наурыздан бастап болған инцидентті жан-жақты және толық заңды талқылау үшін ҚФФ аясында өткізілетін барлық жарыстарда 30 (отыз) күнтізбелік күнге шеттету түріндегі уақытша санкция қолданылсын» -делінген федерацияның ақпаратында.

Федерацияның мәліметінше, «Атырау» футбол командасы Қазақстан чемпионаты мен кубогының матчтарын өткізудің техникалық регламентін бұзып, матчты интернет арқылы тарату мүмкіндігін, Премьер-Лига клубтары арасындағы 2021 жылға арналған Olimpbet регламенті-Қазақстан Республикасының чемпионаты негізінде стадион аумағында (мінбе астындағы үй-жайға) құқық қорғау органдарының немесе жеке құрылымдардың күшімен төрешілер бригадасын алып жүруді қамтамасыз етпеген.

Сол себептен, «Атырау» футбол командасына тәртіптік регламентінің 66-бабына сәйкес бұзушылықтардың жиынтығымен 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Енді команда 466 720 теңгені 18 сәуірге дейін төлеуі тиіс.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын құны 200 мың еуроға тең Гайти футболшысы «Атырау» клубына тегін келгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар