Футбол: «Астананың» халықаралық турнирдегі қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» командасының 2020 жылдың ақпан айында футболдан Португалияда өтетін халықаралық «Atlantic Cup» жолдастық турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Данияның «Брондбю» және «Копенгаген», «Швецияның» «Норрчепинг» командалары. Ал В тобында Данияның «Орхус», Швецияның «Хаккен» және Чехияның «Славия» клубтары шеберлік байқасады.

«Atlantic Cup» жолдастық турнирі 31 қаңтар және 8 ақпан аралығында өткізіледі.

Халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Австрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары алтыннан алқа тақты.


Соңғы жаңалықтар