ФУТБОЛ: «Астанаға» бас бапкері тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымнан бастап «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметіне латвиялық «Венспилс», одессалық«Черноморец» және әзербайжандық «Габала» ұжымдарында қызмет атқарған украиналық маман Роман Григорчук тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Григорчук үш түрлі клубпен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман: латвиялық «Венспилс», одессалық«Черноморец» және әзербайжандық «Габала» (екі рет). 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен аталмыш турнирдің 1/16 финалына жолдама алған болатын.

Одан бөлек украиналық маман үш мәрте Латвия чемпионатының 3 титулын иеленіп, екі мәрте балқан түбегі елінің Кубогында жеңіске жеткен, сонымен қатар Әзербайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған.

Ал жекелей марапатқа келер болсақ, Григорчук үш мәрте Латвияның үздік бапкері атанып, Украина және Әзірбайжанда бір реттен осы жетістікке қол жеткізген.

Роман Григорчук 1965 жылы 22 наурызда дүниеге келген.  Украина елінің азаматы. Жоғары білімді. Бапкерлік лицензиясы: PRO UEFA. Мына клубтарда ойнаған: «Прикарпатье» (Ивано-Франковск), «Санкт-Пельтен» (Аустрия), «Петрохимия» (Польша), «Сатурн» (Раменское, Ресей), «Кривбасс» (Украина), «Динабург» (Латвия). Бапкер ретінде «Динабург» (Латвия), Венстпилс» (Латвия), «Металлург» (Запорожье, Украина), «Черноморец» (Одесса, Украина), «Габала» (Әзербайжан) клубтарында жұмыс жасаған.

Жетістіктеріне келер болсақ, 2006, 2007, 2008 Латвия Чемпионы, 2005, 2007 Латвия Кубогының иегері, 2006, 2007, 2008 Латвияның үздік бапкері, 2012/13 Украина Кубогының финалисі, 2012/13 Украинаның үздік бапкері, 2014/15, 2015/16 Әзербайжан чемпионатының қола жүлдегері, 2016/17, 2017/18 Әзербайжан чемпионатының күміс жүлдегері, 2016/17, 2017/18 Әзербайжан Кубогының финалисті, 2015/16 Әзербайжанның үздік бапкері атанған.

Соңғы жаңалықтар