Футбол: «Астана» үздік үштіктен көріну мүмкіндігін сақтап қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде үздік үштіктен көріну мүмкіндігін толық сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елімізде өтіп жатқан 20-тур аясында «Астана» Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесті. Ойын барысында 4-минутта талдықорғандық Андрей Залеский есеп ашты. Елордалық клуб сапынан Марин Томасов – 61, Пиерос Сотириу 82-минуттарда қос голмен жауап қайырды.

Осылайша, «Астана» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, үздік үштікте болу мүмкіндігін толық сақтап қалды.

Қазір турнир кестесінде «Тобыл» және «Астана» командалары екінші орын үшін таласып отыр. Біріншілік аяқталғанда олардың бірі – екінші, келесісі үшінші орын алады. Өйткені, одан кейінгі орындағы командалар үштіктен көріну ықтималдығынан айырылып қалды.

Дәл қазір аталған турда бірінші кезеңнен кейін Қарағандының «Шахтері» Ақтаудың «Каспийін» 3:0 есебімен жеңіп жатса, Қызылорданың «Қайсары» мен Петропавлдың «Қызылжары» 1:1 есебімен тең түсіп жатыр.

Бүгін аталған турда Қостанайдың «Тобылы» мен Жамбыл облысының «Тараз» командалары арасындағы кездесу елорда уақытымен 18.00-де басталады.

Аталған турдағы «Қайрат» пен «Оқжетпес» командасы алдын- ала 11 наурызда кездесіп, алматылықтар 5:0 есебімен басым түсті.


Соңғы жаңалықтар