Футбол: «Астана» сырт алаңда «Ақсу» командасын жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-турындағы алдын-ала жоспарланған бір ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесуде елордалық «Астана» сырт алаңда Павлодар облысының «Ақсу» клубымен шеберлік байқасты.

Турнир кестесінде «Астана» көш басында тұр. Ал «Ақсу» соңғы орынның бірін місе тұтып келеді.

Бүгінгі кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Ойынның 74-минутында елордалық клубтан Тимур Досмағамбетов соққан гол «Астанаға» жеңіс алып келді.

Енді 11-тур ойындары 27 және 28 мамырда өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын оныншы тур ойындары болып өтті.


Соңғы жаңалықтар