Футбол: «Астана» - «Мидтьюлланд» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazsport» телеарнасы 24 шілдеде «Астана Арена» кешенінде өтетін «Астана» мен даниялық «Мидтьюлланд» командаларының ойынын Астана уақыты бойынша 19:50-де тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық команда кәрі құрлықтың басты додасы аясындағы алғашқы іріктеу сынында черногориялық «Сутьесканы» жеңген болатын.

Сондай-ақ, «Qazsport» арнасы 26 шілде күні Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында бақ сынайтын «Қайрат» және «Тобыл» командаларының ойынын тікелей эфирде көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар