Футбол: «Астана» мен «Қайрат» тең тарқасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 5-туры аясында «Астана» өз алаңында «Қайратты» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан Алматының «Қайрат» командасы көш бастау үшін бүгін қалайда үш ұпай үшін бар күшін салатындығы о бастан белгілі еді. Алайда Бақтияр Зайнутдинов 51-минутта есеп ашып, елордалықтарды алға шығарды.

Оған Андрей Аршавин 71-минуттағы голымен жауап берді. 1:1 есебі кездесу соңына дейін сақталып қалды.

5 ойыннан кейін «Астана» 13 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал екінші орында Шымкенттің «Ордабасы» командасы 12 ұпаймен елордалықтарды өкшелеп келеді. Ал 3-орында қалған «Қайраттың» еншісінде енді 11 ұпай бар. 

Фото: fca.kz

Соңғы жаңалықтар