Футбол: «Астана» – ҚР Суперкубогының иегері

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында футболдан ҚР суперкубогының финалы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойынды елордалық команда ширақ бастады. Тигран Барсегян мен Марин Томасов қос қапталдан шабуылдап, «Қайсар» қақпашысын әбден мазалады. Қызылордалық ұжым қарымта шабуылдармен ойнады. Бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда «Астана» есеп ашты. Рунар Сигурьонссонның айып алаңына асырған пасын шабуылшы Пиерос Сотириу қажетіне жаратты. Алда – «Астана.
«Қайсар» екінші таймда таразы басын теңестіруге бірнеше мүмкіндік алды. Алайда футболшыларға бірде сәттілік, енді бірде дәлдік жетіспей жатты. Астаналық қорғаушылар қарсыластардың шабуылына лайықты жауап берді.
Осылайша, «Астана» биылғы ел Суперкубогының иегері атанды.


Соңғы жаңалықтар