Футбол: «Астана»- «Қайрат» ойынын Ashyq арқылы стадионнан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін cағат 21.00-де орталық турдың басты ойыны Астана-Қайрат клубтары арасында кездесу өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан чемпионаты ойынына стадион сыйымдылығы 20% аспайтын көрермендердің болуына рұқсат етілді. Стадионға ASHYQ қосымшасы арқылы кіре аласыз. Оны стадионға келмес бұрын, телефоныңызға алдын ала жүктеп алу қажет. Авторизациядан өтіп алсаңыз, Сізге тек QR кодты сканерлеу ғана қалады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Астана-Арена» стадионында өтетін ойынды «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы тікелей эфирден де көрсетеді. Сондай-ақ ойынды Ұлттық арнаның ресми сайты арқылы да онлайн тамашалау мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, ел чемпионатындағы 12 турдан кейін елордалық «Астана» 32 ұпаймен көш басында болса, алматылық «Қайрат» 20 ұпаймен 4-орында келеді.


Соңғы жаңалықтар