+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Футбол: «Астана» халықаралық турнирге қатысады

2019 жылғы 4 желтоқсан 23:29
Бөлісіңіз:
Футбол: «Астана» халықаралық турнирге қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» келесі жылы ақпан айында футболдан Португалияда өтетін халықаралық «Atlantic Cup» жолдастық турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат команда сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды Еуропа лигасы: «Астана» соңғы ойында жеңіске жете ала ма Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді

Аталмыш турнирге «Астана» командасының негізгі құрамы қатысады деп жоспарланып отыр. Елордалық клубтан бөлек оған Данияның «Копенгаген», «Орхус», «Брондбю», Швецияның «Норчеппинг» және «Хаккен» командалары келетіні белгілі болып отыр.

Халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Австрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары алтыннан алқа тақты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT