Футбол: «Астана» ел біріншілігінде көш басына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында елордалық «Астана» жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық команда бүгін сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» 2:0 есебімен басым түсті. Ойын барысында олардың қатарынан Абат Айымбетов 40, Педро Эуженио 59-минутта мергендігімен ерекшеленді. Қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен елордалық команда турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Тағы бір кездесуде Алматының «Қайраты» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуымен» шеберлік байқасты. Алаң иелерінен Жоао Паоло 59, Гүлжігіт Алықұлов 89-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша, «Қайрат» қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Дәл қазір өтіп жатқан «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуінде қонақтар 2:1 есебімен жеңіп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін «Тұран» (Түркістан) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.

Ал, 29 қазанда «Ордабасы» мен «Ақтөбе» 2:2, «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал) 0:0 есебіне қанағат білдірсе , «Тараз» өз алаңында «Тобылға» (Қостанайға) 0:2 есебімен жол берді.

Соңғы жаңалықтар