+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Футбол: «Астана» «Atlantic Cup» турнирінде «Хеккен» командасымен кездесті

2020 жылғы 9 ақпан 00:11
Бөлісіңіз:
Футбол: «Астана» «Atlantic Cup» турнирінде «Хеккен» командасымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» Португалияда өтіп жатқан халықаралық «Atlantic Cup» турнирінде Швецияның «Хеккен» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның жас футболшысы сербиялық командаға ауысты Еуропа лигасының жеңімпазы Германияда анықталады Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» А тобында ойнады. Алғашқы турда елордалық клуб Данияның «Копенгаген» командасынан 0:1 есебімен жеңілген елордалық хоккейшілер келесі кездесуде сол елдің «Брондбю» клубынан 2:1 есебімен басым түсті.

«Хеккен» командасы 1940 жылы 2 тамызда құрылған. Бүгінгі күнге дейін Швецияда 2012 жылы күміс жүлдегер атанса, 2016, 2019 жылдары кубокқа қол жеткізді.

Елордалық клубтың бас бапкері Михала Билек алғашқы минуттан Эрич, Рукавина, Постников, Малый, Бейсебеков, Маевский, Эбонг, Перцух, Ротариу, Барсегян, Щеткин сынды шәкірттеріне сенім білдірді.

Бүгінгі кездесуде «Хеккен» сапынан Лео Бенгтссон 39-минутта есеп ашса, 66-минутта Яссе Туоминен есепті ұлғайта түсті. Оған «Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 78-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. Ойында елордалық клуб қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Биыл турнирде Данияның «Орхус» командасы чемпион атанды. Ол бүгін финалда сол елдің «Копенгаген» клубынан 1:0 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Аустрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT