Футбол: «Астана» «Atlantic Cup» турнирінде алғашқы ойынын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» Португалияда өтіп жатқан халықаралық «Atlantic Cup» турнирінде Данияның «Копенгаген» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде «Астана» сапында Эрич, Быстров, Шомко, Логвиненко, Малый, Постников, Перцух, Сигурьонссон (Сағынаев), Томасов (Жалмұқан), Барсегян (Эбонг), Ротариу (Щеткин) ойнады.

Ойында даниялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Оны 3-минутта «Копенгагеннің» уругвайлық шабуылшысы Майкл Сантос орындады. «Копенгаген» 1992 жылы құрылған. Бүгінге дейін өз елінің 13 мәрте чемпионы атанса, 6 мәрте күміс, 2 мәрте қола жүлдегер болды

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» А тобында ойнады. Осы топтаңы Данияның «Брондбю» клубы алғашқы турда Швецияның «Норрчепингін» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал В тобында Швецияның «Хеккен», Чехияның «Славия» (Прага), Данияның «Орхус» және Норвегияның «Волеренга» командалары сынға түседі https://kaz.inform.kz/news/futbol-astana-halykaralyk-turnirge-katysady_a3591526. Халықаралық турнир 5 ақпанда мәресіне жетеді.

Халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Австрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары алтыннан алқа тақты.


Фото:www.fck.dk

Соңғы жаңалықтар