Футбол: «Астана» «Ақсуды» тізе бүктірді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 12-турында елордалық «Астана» «Ақсуды» тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Астана» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасын қабылдады.

Турнир кестесінде елордалық клуб көш басында тұрса, павлордалық команда соңғы орынның бірінде келеді.

Соған қарамастан «Ақсу» қарсыласына лайықты төтеп бере білді. Ойынның 31-минутында «Астана» шабуылшысы Марин Томасов мергендік танытты.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Дәл осындай есеппен қостанайлық «Тобыл» петропавлдық «Қызылжарды» жеңді.

Кездесуде қостанайлық командадан Серж Дебле 76-минутта қарсыластар қақпасынан саңылау тапты.

Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін «Ордабасы» «Атырауды» 2:0, «Ақтөбе» «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңіп жатыр.

Ал 4 маусымда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Каспий» (Ақтау), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» «Оқжетпестен» басым түсті.

Соңғы жаңалықтар